Бренд

Apple компаниясы мен Исаак Ньютонның байланысы қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әйгілі Apple-дың  өнімдерін қолданбайтын адамдар қатары сирек. Әр 3-адам компанияның тұрақты тұтынушысы болады. 2022 жылғы деректерге сәйкес, атақты компания әлемдегі ең қымбат брендтердің көшін бастап тұр.  Bugin.kz порталының тілшісі атақты «алма» жайында бірнеше ақпарат ұсынады.

Әлемдік брендте неге тістелген алма бейнеленген?

akcdn.detik.net

akcdn.detik.net

Apple империясының ең алғашқы қалаушылары - әйгілі Стив Джобс, Стив Возняк пен Рональд Уэйн. 1977 жылы олар алғаш рет Apple I өнімін шығарды. Авторлар ең алғашқы өнімнің логотипіне 1976 жылы алма ағашының астында отырған Исаак Ньютонның бейнесін қолданған. Алайда Джобс өз өнімдерінің логотипі қарапайым, заманауи және есте сақтарлық болғанын қалады. Сол себепті де Роба Янов атты мықты дизайнердің көмегіне жүгінді. Бір аптадан соң дизайнер тапсырыс берушіге түрлі түсті тістелген алманы ұсынады. Осы арқылы компанияның бет бейнесі тістелген алмамен ұштасып кеткен. Дәл осы арқылы аудиторияға Apple компаниясын тану оңайға түскен. Сәттіліктің символына айналған тістелген алма 2022 жылға дейін 6 рет өзгеріске ұшыраған.

46 жыл бойы өз беделін жоғалтпады

lh4.googleusercontent.com

lh4.googleusercontent.com

Ең алғашқы түпнұсқа Apple I компьютері 666,66 долларға бағаланған. Джобстың жылдық айлығы бар-жоғы тек 1 долларды құрап отырған. Соған қарамастан компания өміріндегі үлкен мәселелер 1980 жылдары басталды. Алдымен Apple III жобасының сәтсіздігі, содан кейін Возняк зардап шеккен ұшақ апаты болды. Басшының міндеттерін жалғыз өзі орындай алмаған Джобс Джон Скаллиді жұмысқа шақырды. Бірақ басшылар арасында келіспеушіліктердің жиі туындауынан көптеген қиындық болып жатты.

Стив фирманың проблемаларына қатты алаңдады. 1985 жылы Джобс пен Возняк технология прогресін дамытқаны үшін медальдар алғанымен, ол компанияға көп өзгеріс әкеле алған жоқ. Көп ұзамай Стив компаниядан кету туралы шешім қабылдады. Ол 1985 жылы компаниядан бас тартып, өз жұмысын тоқтатты. Уақыт өте Джобс 13 жылдан кейін ғана нарыққа орала алды. Сол кездері фирманың жағдайы тым нашар еді. Қаржы мәселелерінің күрделі болғаны соншалық, бәсекелестер компанияны бірнеше рет банкрот деуге кеңес берді. Алайда жұмысын тоқтатпаған компания бүгінде әлемдегі ең танымал брендтердің көшін бастап тұр.

Apple компаниясының туған күні 1 сәуір болып қалады. Сондай-ақ IPhone ұялы телефондарынан бөлек, Apple.com сайты әлемдегі ең көп қаралатын 50 сайттың  қатарына енеді.

Сэр Джонатан Айв

appleinsider.ru

appleinsider.ru

Джонатан Айв – Apple тарихында Стив Джобстан кейінгі беделді 2-ші адам ретінде белгілі. Ол  iPhone, iPad, Apple Watch, Mac және iPod жобаларының жетекшісі болды. Айв 1990 жылдардың соңында Apple-ді банкрот деңгейінен триллион долларлық компания мәртебесіне көтере білді. Стив Джобс 2011 жылы қайтыс болған кезде, Айв компаниядағы ең маңызды адам болды. Apple компаниясының қандай өнімдерін шығаратынын, олардың қалай жұмыс істейтінін шешті. Apple-де жұмыс атқармас бұрын, Джонатан Айв Tangerine деп аталатын компанияда жұмыс істеді (бұл «мандарин» деген мағынаны білдіреді). Ол 2000 жылдан бастап Apple өнімдерінің әрбір таныстырылымына өзінің тек бір көйлегін киген.

Бүгінгі APPLE

Қазір Apple жыл сайынғы кірісі бар, беделді компанияның қатарында тұр. Бренд жыл сайын миллиондаған жанкүйері үшін жаңа құрылғылардың шығуы туралы алдын ала хабарлайтын тұрақты презентациялар ұйымдастырып отырады.

Әр жыл сайын адамдар компанияның көмегімен Iphone ұялы телефондарын, Ipad планшеттік компьютерлерін, MacBook ноутбуктарын жаңартып отырады. Сондай-ақ компанияның сұранысқа ие өнімдер қатарына Apple watch ақылды сағаттары, смарт динамиктер, моноблоктар, пернетақталар мен сымсыз құлаққаптары кіреді.